Текст песни «Шың». Rai
Раздел: русский рэп
Альбом: Шам • 2019 год
Исполнитель: Raim
Мұңды көздеріңді көрем
Күлімдеп тұрсаң да әлемге
Түсінікті саған өлең
Шумақ жел кейбіреулерге
Тарта береді сен жағыңа
Қанша ой қанша мағына
Өкініш әлде қуаныш
Кіммін өміріңе, бағыңа
Қолыңды созасың тау жақтан
Көтеріліп келіп кері құлайм
Тұрамын, тартады кері құлайм
Сенің шындығыңсыз тұра алмайм
Сезімімді менің адастырсын
Мейлі, мен саған шын ғашықпын
Құласам қанатымсың
Сені іздеп шыңға шықтым
Биікке қадам бастым
Сыңға түстім мен адастым
Ай болып жол нұсқайтын
Қараңғыда араластың
Жаныма жақын дауыс
Естіледі таңға таман
Тұрсаң да жақын, алыс
Сенен ғана шабыттанам
Құс болып қалықтадым
Биікке шарықтадым
Шөлдегенде мөлдір таза
Су болып сарқырадың
Сезімімді адастырсын
Мен саған шын ғашықпын
Құласам қанатымсың
Сені іздеп шыңға шықтым